×

«Азия балалары» ойындары: Қазақстан екі медаль жеңіп алды

Әзірше қоржында бір күміс, бір қола жүлде бар

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2023 | 15:44
фото: ашық дереккөз

Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында еліміздің шорт-трекшілері екі медальді жеңіп алды.

Қыздар арасында 1500 метрге жарысудан Малика Жолтабар қола жүлдені иеленсе, осы қашықтықта ұлдар арасында өткен додада Мейіржан Төлеген күміс медальға ие болды.

Қазір Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1 күміс, 1 қоламен үшінші орынға көтерілді.

ІІ «Азия балалары» ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы да алғашқы жеңісін тойлады. Балалар өз тобындағы екінші ойында Ресейдің Саха Республикасын 11:0 есебімен ұтты. Хоккейшілер жарыстағы бірінші матчында РФ Қиыр шығыс федералды округының құрамасынан 3:7 есебімен жеңілген болатын.

Енді хоккейші балалар плей-офф жолдамасы үшін Кузбасс аймағының командасымен ойнайды.

«Азия балалары» ойындарына еліміздің хоккейден балалар командасы мына құраммен айдынға шығып жатыр:

Қақпашылар: Данай Шайиков («Авангард», Омск), Тәңірхан Алпысбаев («Барыс», Астана)

Қорғаушылар: Алдияр Қалелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мұқашев (бәрі «Барыс», Астана), Раты Дурглишвили («Салават Юлаев», Уфа), Санжар Ибрагим, Никита Сидоренко («СКА-Юность», Екатеринбург).

Шабуылшылар: Әмір Алыпқарин, Әлихан Бақыт, Әділхан Беккерев, Даниил Дронов, Давид Карапетян, Русланбек Кәрім, Бексұлтан Мақыш, Тимур Меңдібаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин (бәрі «Барыс», Астана), Корней Корнеев («Авангард», Омбы), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен).

Бас жаттықтырушы: Георгий Верещагин – «Барыс», Астана.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама