Жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды
«Бешикташ» және «Антальяспор» футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне жасыл алаңға жұмсақ ойыншықтарды лақтырды, деп хабарлады CBS Sports.
Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған.
Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды.
Белгілі болғандай, алаңға үйіліп қалған ойыншықтар жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің балаларына жіберіледі.