Алматыда іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
Олар заңды өрескел бұзған
Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қазақстан бойынша «Мигрант» іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Полиция шетелдіктер тұратын үйлерді, құрылыс объектілерін, базарларды, шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеріп жатыр.
Олар – Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Қылмыскерлер мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.