×

Елімізде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді

Заңдастыру мәселелері бойынша өтініштер саны айтарлықтай азайған

 Еркеғали Болатұлы 27.02.2023 | 10:45
фото: kolesa.kz

Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Оған заңдастыру мәселелері бойынша өтініштер санының айтарлықтай азаюы себеп болған. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан былай шетелдік көліктерді заңдастырумен айналысатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды, - делінген хабарламада.

Ал Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі бұрынғысынша (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін) қала береді.

Айта кетейік, орталықтар 6 наурызға дейін жаңа режимде жұмыс істейді. Өзгерістер болса, қосымша хабарланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама