Екібастұзда 59 жастағы ер адам жұмыс орнында қаза тапты
Аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
Екібастұз қаласында ер адам жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше жергілікті ЖШС-ның бірінің 59 жастағы жұмысшысы К-700 доңғалақты тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсіп бара жатқан кезінде аударылып түскен. Ол дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.