Ол - 1969 жылғы «Алтын бутса» жүлдесінің иегері
Аты атыңызға айналған футболшы, Софияның ЦСКА командасы мен Болгария құрамасының шабуылшысы Петр Жеков 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Петр (болгарша Петьр, – ред.) Жеков 1944 жылы 10 қазанда Болгарияның Хасков облысындағы Книжовник елді мекенінде туған. 2023 жылғы 18 ақпанда София қаласында қайтыс болды.
Петр Жеков – Еуропаның мерген шабуылшыларға берілетін «Алтын бутса» жүлдесінің 1969 жылғы, «Күміс бутсаның» 1970 жылғы, «Қола бутсаның» 1973 жылғы иегері. 1968 жылғы Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері. Болгария құрамасы сапында 44 матч өткізіп, 25 гол салған.
Біздің арамыздан Болгария футболының тарихындағы ең керемет сиқыршы футболшылардың бірі Петр Жеков кетті. Ғажайып шабуылшы, командадағы үлкен жүректі сенімді жолдас, «Алтын бутсаны» алған тұңғыш болгар футболшысы – біз қалай әспеттеп, мінездеме бергіміз келсе де оның шын кескін-келбетін, ЦСКА-ның дамуына қосқан орасан үлесінің өлшемін толық суреттеп бере алмас едік, – деп жазды Facebook-ке «армияшылар» клубының мүшелері.
Петр Жеков әлемнің ең үздік футболшылары қатарында 1971 жылғы 27 мамырда Мәскеуде өткен Лев Яшиннің қоштасу матчына да қатысты. Ол 2:2 болып тең аяқталған жолдастық кездесудің 78-минутында әлем құрамасы сапынан соңғы голды салып, есепті теңестірді.