Жетісу облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты
Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті
Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан 1 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 ақпанда Панфилов ауданында «Ауди-100» автокөлігімен жасалған. Неміс көлігін басқарған 67 жастағы ер адам Батыс Қытай – Батыс Еуропа автожолының 275-шақырымында рөлге ие бола алмай қалып, көліктің аударылуына жол берген. Автокөліктің салонында болған 4 жолаушының бірі – 1962 жылы туған азамат қаза тапты. Екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының патрульдік және жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр.