×

Үйінді астынан өлі табылған адам жерлеу рәсімінде оянды

Ол екі күн мәйітхатанада жатқан

 Халық үні 27.02.2023 | 08:26
фото: әлеуметтік желіден

Сирияда зілзала кезінде қаза тапты деп болжанған жергілікті тұрғын жерлеу рәсімі өтетін күні есін жиды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Thе Daily star-ға сілтеме жасап.

Ахмед әл-Мағриби жойқын жер сілкінісі кезінде өзі тұрған үйдің қирандыларының астында қалған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлап, ол екі күн бойы мәйітханадағы тоңазытқышта жатқан.

Алайда ол жерлеуге бірнеше минут қалғанда есін жиып, белгі берген. Мұны байқаған туыстары оны ауруханаға жіберген.

Дәрігерлер қазір оның жағдайы тұрақты екенін айтты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама