Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты жолдар жабылды
Тұрғындар мен көліктердің жүруіне шектеу енгізілді
Алматыда қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тауда жолдардың бірнеше бөлігі жабылды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қардың көп жаууына және Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 25 ақпаннан бастап бақылау бекеттері (Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ - Эдельвейс тасжолында) орнатылды.
Аталған жол учаскелерінде тұрғындар мен көліктердің жүруіне шектеу енгізілді.