Қазақстан құрамасы турнирді 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады
Болгария астанасы Софияда бокстан өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогында қазақстандық Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын жарыста О. Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты.
Жекпе-жек барысында төрешілер болгариялық боксшы басым деп тауып отырды. Қорытынды есеп – 4:1, болгариялықтың пайдасында.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогын 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады.
Бұған дейін Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді.