×

Сәпиевпен жағаласқан балуанның жаттықтырушысы мән-жайды түсіндірді (ВИДЕО)

Мен де сол кезде ашуланып кеттім, дейді ол

 Халық үні 26.02.2023 | 19:52

Балуан Зелимхан Мусихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман өзінің instagram-дағы парақшасында Batyrball сайысы кезінде Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni

Оның айтуынша, Зелимхан Мусиханов Серік Сәпиевтің Олимпиада чемпионы екенін білмеген. 

«Құрметті қазақ елі! Біріншіден, менің оқушым Зелимхан оның Олимпиада чемпионы екенін білмеген екен. Мен бірден оқушыма бара алмадым, өйткені мені ұстап тұрды. Артынан «Тренер, мен тіпті оның Олимпиада чемпионы екенін білмедім» деп келіп тұр. «Нең бар?» дедім. Ол күресіп жүрген, өзі менің залымда тұрып жүрген бала. Жаттығуға алыстан келеді, жалғыз өзі залда тұрады. Мен де ашуланып кеттім. Жаттықтырушы ретінде үнемі кішкентай балалармен жұмыс істеймін. Кішкене ашуланып, Серік ағайды күтіп, бардым. Ол кісімен сөйлестім. Бір-бірімізге қол бердік. Ол кісі де эмоция кезінде барлығы болатынын айтты», - деді ол. 

Айта кетейік, Серік Сәпиев Алматыда өткен турнирде қарсыласымен төбелесе жаздағанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама