×

Тағы бір Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мұхтар Ерман өз өтініші бойынша мандатын тапсырды

 Халық үні 30.03.2022 | 11:22
Мұхтар Ерман, фото: parlam.kz

Бүгін Мәжіліс депутат Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлімдеді.

ОСК мүшесінің айтуынша, Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституцияның 52-бабына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты В. Имтахуновичтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізді.

ОСК ұсынымын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдап, Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сондай-ақ бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңа депутат Константин Авершин ант қабылдады.

Жаңа депутатты палатаға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов таныстырды.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Константин Авершин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45

1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады
01.04.2023 | 00:50

БҚО-да жоғары шенді полицей қамауға алынды

Полиция қызметкері 110 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
31.03.2023 | 23:38