Halyq Uni логотип
×

Ертең 4 облыста судың күрт тасып кету қаупі бар

Оңтүстік өңірлерде жаңбыр және жылбысқы қар жауады

 Еркеғали Болатұлы 26.02.2023 | 14:40
Ертең 4 облыста судың күрт тасып кету қаупі бар
фото: ашық дереккөз

Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

27 ақпанға дейін Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанып отыр.

Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағындының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама