Бұл көмек ұлттық мүдде үшін маңызды деп санаймын, - деді Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден Сирия мен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен босқындар мен мигранттарға Федералды төтенше көмек қорынан 50 миллион доллар жіберу жөнінде шешім қабылдады.
Бұл туралы Ақ үй таратқан меморандумда айтылған, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісінен босқын және мигрант болғандардың шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, оның ішінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жарна мен басқа да көмек ретінде қордан 50 млн доллардан аспайтын көлемде көмек көрсету ұлттық мүдде үшін маңызды деп санаймын, - деді АҚШ президенті.