Түркияда тағы жер сілкінді
Қалада 210 мың адам тұрады
Түркияның оңтүстігінде 4,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы.
ТАСС-тың мәліметінше, зілзала эпицентрі Антакия қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда шамамен 210 мың адам тұрады. Жексенбі, 26 ақпанда 4,4 балдық жер сілкінісі Түркияның оңтүстігінде Сириямен шекарада тіркелді.
Зілзала ошағы 2 шақырым тереңдікте болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42,3 мыңнан асқан. Сондай-ақ үйінді астында қалған әйелдің құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқаны хабарланған еді.