Қар, боран, көктайғақ: 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Қар жауады, жаяу бұрқасын соғады
«Қазгидромет» РМК 26 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.
Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың оңтүстік-шығысында және батысында көктайғақ болады.
Еліміздің аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.