×

Странджа кубогы: Қазақстаннан жалғыз боксшы финалға шықты

Оразбек Асылқұлов армян спортшысы Артур Базеянды 3:2 есебімен жеңді

 Халық үні 26.02.2023 | 00:31
Фото: sports.kz

Болгарияның астанасы –  София қаласында Странджа кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуға жақын қалды. Бокс додасында жартылай финалға Қазақстаннан екі былғары қолғап иесі жартылай финалға шығып, соның біреуінің ғана жолы болды.

½ финалда 57 келі салмақтағы Оразбек Асылқұлов Арменияның өкілі Артур Базеянды 3:2 есебімен ұтып, жалғыз өзі финалға жолдама алды.

Екінші боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Райыс Болгарияның боксшысы Киван Рамиден 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама