Halyq Uni логотип
×

Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды

Карапынар ауылының іргесіндегі егістік алқабында шұңқыр пайда болды

 Халық үні 25.02.2023 | 21:50
Түркияда жұмбақ шұңқыр пайда болды
Фото: hurriyet.com.tr

Түркияның Кония провинциясындағы ауылдардың бірінде кенеттен тереңдігі 12-15 метр, диаметрі шамамен 37 метр болатын шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

Карапынар ауылының іргесіндегі егістік алқабында шұңқыр пайда болды. Оның неден пайда болғаны әлі анықталған жоқ. Жергілікті тұрғындар бұл құбылыстың олар үшін қалыпты жағдай екенін, тек ауылға алғаш рет келгендерді таң қалдыратынын айтып отыр.

Кония Технология университетінің шұңқырларды зерттеу орталығының директоры Фетулла Арык жаңбырдан кейін шұңқырлардың пайда болуы арта түсетінін айтты. Онымен қоса таяуда болған ірі зілзала топырақта шұңқырлардың пайда болуының бір факторы болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Түркиядағы Кахраманмараш қаласындағы жойқын зілзала салдарынан 44 218 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама