×

Стенд ату: Қазақстан мергендері Азия кубогында бес медаль жеңіп алды

Әлемдік жарыс Кувейтте өтіп жатыр

 Динара Амантай 25.02.2023 | 17:17
Фото: facebook.com

Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан Азия кубогы үшін турнирде Қазақстан спортшылары бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қуанышты жаңалық! Қазақстандық мергендер кезекті рет ең беделді халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап, лайықты өнер көрсетті. Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан Азия кубогында біздің спортшылар  екі алтын, бір күміс және екі қола жүлдені жеңіп алды. Барлық жүлдені «скит» жаттығуында – дөңгелек стендте атудан жеңіп алды, –  деп жазды ол.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының мергені Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сынды спортшылардан жасақталған құрама командалық жарыста алтын медаль алды. Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон мен Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Бұл жолы Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медальді иеленді.

Қазақстан спортшыларының соңғы жетістіктері (мысалы, Әлем кубогының жалпы медальдық есебінде бірінші орын) кездейсоқтық емес екенін тағы да көрсетеді. Бұл – Париж Олимпиадасы қарсаңындағы сөзсіз зор қуаныш. Турнир барысында біздің мергендер жеңіс тұғырына тағы бірнеше рет көтерілетініне сенімдімін!,  – деді министр.

Сондай-ақ ол спортшыларға сәттілік тілеп, барлық жанкүйерлерді Азия кубогының сәтті басталуымен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама