Алматы облысында республикалық тас жолдың бір бөлігі жабық тұр
Қозғалыс шектелген екі жол бөлігінде еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы облысында еріген қар суын бұруға байланысты республикалық тас жолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін және Бұрылбайтал ауылынан Ақсүйек ауылына дейінгі «Екатеринбург-Алматы» трассасының екі учаскесінен басқа республикалық маңыздағы тасжолдар барлық бағытта ашық. Қозғалыс шектелген екі жол бөлігінде еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасып жатыр.
Айналма жолдың 2156 шақырымында (43 ПК) 8 су өткізу құбыры орнатылды. Сондай-ақ, ұзындығы 350 метрден асатын учаскеде үйінді төсеу және нығайту жұмыстары жүргізілді, 20-40 қиыршық тас жабынының қабатын төгу жұмыстары жүргізілу үстінде.
2192 шақырымда (ПК 401), екінші учаскеде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Айналма жолдың 2213 шақырымында, яғни үшінші учаскеде (ПК 609) 2 су өткізу құбыры орнатылды. Қазір соңғы үшінші су өткізу құбырын орнату және үйінді төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр.