Ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болды
Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалып, сәбидің бауырындағы жарты келі ісік алынды. Күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған, деп хабарлайды «Алматы» арнасы.
«3 ақпан күні 3 күндік нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада «оң жақ бауырдың туабітті түзілісі» диагнозы қойылған», – деді педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонатальды хирургі Қанат Әшірбай.
Айта кетейік, нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығына жақсы.