Halyq Uni логотип
×

Үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан

Әпкесінің үміті үзілмесін деп құшағында қайтыс болған сәбиге бесік жырын айтқан

 Халық үні 25.02.2023 | 00:28
Үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан
фото: gzt

Малатья қаласында жер сілкінісінен соң отбасымен үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан, деп хабарлайды Inbusiness сайтының Анкарадағы тілшісі. 

Зілзаладан соң ерікті ретінде іздестіру-құтқару тобының жұмысына қатысқан жергілікті мұғалім оқиға орнындағы жағдайларды ұмыту мүмкін емес дейді. Олар 19 адамды үйінді астынан аман-есен алып шыққан. Алғашқы күн 9 сағат жұмыс істеп бірде бір тұрғынды таба алмаған. Үміт үзіле бастағанда үйінді астындағы бір қыздан әкесіне хабарлама келеді. Жер сілкінісінен 19 сағат өткен соң осы хабарламаға сүйене отырып, құтқару тобы қираған ғимаратта іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде үйінді астынан 9 адам аман шығарылады. Солардың бірі әпкесіне сәбиі туралы:

«Ол менің құшағымда жатыр, уайымдама, бесік жырын айтып ұйықтаттым" деген. Баланың қайтыс болғанын тек өзі білген. Үйінді астынан алып шыққанға дейін бәрі, тіпті құтқару тобы да тірі деп ойлаған. Еріктінің айтуынша ол қыз сәбидің анасына, яғни әпкесіне моральдық тұрғыда көмек беру үшін осындай қадамға барған. Осылайша үйінді астында қалғандардың өмірін құтқарып қалды», дейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама