×

СҚО-да 85 елдімекенді су басуы мүмкін

Қазір қауіпті аймақтағы елдімекендерден үздіксіз қар шығарылып жатыр

 Халық үні 24.02.2023 | 23:35
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда 85 елдімекенді су басуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan TV. 

Ғабит Мүсірепов, Ақжар, Тайынша және Мамлют аудандарында тасқынның қаупі жоғары. Биыл өңірде жауын-шашын көлемі жылдағыдай болғанымен, қардың ылғалдылығы көп, әрі жердің беткі қабаты 1,5 метрге дейін қатып қалған.

Қазір қауіпті аймақтағы елдімекендерден үздіксіз қар шығарылып жатыр. Су тасқыны бола қалса, жедел әрекет ету үшін құтқарушылар, Ұлтық ұлан және полиция өкілдерінен арнайы топтар құрылды.

«Адамадарға жаднамалық нұсқаулықтар беріліп жатыр. Кісі сандарын санап, қанша адам бар, елді-мекендерде, қанша жануар саны бар. Солардың бәрін тіркеп, дайындықты жүргізіп жатырмыз», - дейді ТЖД бөлім бастығы Әділ Спаен. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама