×

Алматыда ҰҚК арнайы операция жүргізді

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады 

 Халық үні 24.02.2023 | 21:24
Фото: yujanka.kz

ҰҚК Алматы қаласында заңсыз қару айналымы арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді. Оның барысында осыны ұйымдастырған күдікті мен оның көмекшілері ұсталды. 

Бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізілген.

Нәтижесінде оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталып, құжатпен бекітілді.

Қаскөйлер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды.

Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрған.

Заңсыз айналымнан 12 қару (жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар), 2000 аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрі (лимит аясында жасалған қымбат пышақтар, қанжарлар, қылыштар, жүзі жасырылған қол таяқтар және басқа) алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама