×

Түркия мен Сирияда ерлік көрсеткен құтқарушылар марапатталды

Сонымен қатар, 112 адамға президенттің Алғысы жарияланды

 Дастан Жұмабекұлы 24.02.2023 | 17:01
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін бірқатар азамат марапатталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

ІI дәрежелі «Айбын» орденімен Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Айдын Қарақоржынұлы  Жоламанов пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі Құрманғали Сатыбайұлы Топанов марапатталды.

«Құрмет» орденіне Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы Ардақ Мақсұтұлы Айтпаев, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы Руслан Анатольевич Сойко мен Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы Владимир Константинович Цой ие болды.

«Ерлігі үшін» медалімен Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері Алмагүл Амангелдіқызы Алдабекова, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Султан Бахтиярович Арифджанов, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ерік Берікұлы Берлыбеков, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы Виталий Евгеньевич Горбачев, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Дмитрий Анатольевич Денисов, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер Жазылбай Қалдыбайұлы Қозыбахов, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Нұртасұлы Оразалин мен Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы Абдолла Валериевич Сарсембаев марапатталды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі Берікболсын Нұрболатұлы 1. Хабиболлаға, «Ерен еңбегі үшін» медалі «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы Николай Николаевич Гудеевке, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы Нұржан Әбдібақиұлы Оспанқұловқа, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы Наурыз Мерекеұлы Қаппасовқа берілді.

Сонымен қатар 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына Қазақстан Республикасы президентінің Алғысы жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама