×

Странджа кубогы: Бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың рингке шықпағанын түсіндірді

Боксшы денсаулығын ойлауы керек, - делінген мәлімдемеде

 Дастан Жұмабекұлы 24.02.2023 | 16:41
фото: ашық дереккөз

Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Странджа кубогы үшін Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирінде өзбекстандық Баходиром Жалоловпен неліктен кездесуге шықпағанын түсіндірді.

Бокс федерациясының хабарлауынша, Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қолындағы жарақатына байланысты шықпаған.

Жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы боксшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары болады. Қамшыбек қалпына келіп, денсаулығын ойлауы керек, – делінген мәлімдемеде.

Қазір Странджа кубогы үшін турнирде үші боксшымыз ғана ширек финалға шықты. Олар – Оразбек Асылқұлов, Нұрқанат Райыс пен Бекзат Нұрдәулетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама