×

Жамбыл облысында ер адамнан 116 келі алтын шикізаты тәркіленді (ВИДЕО)

Мемлекетке келтірілген шығын есептеліп жатыр

 Дәурен Ерболат 24.02.2023 | 16:15
Фото: Коммерсантъ/ Влад Некрасов

Жамбыл обылсында полиция 28 жастағы күдіктіден құрамында алтын бар 116 келі кенді тәркіледі, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында үйдің жанында салынған шағын цехты анықтады. Онда заңсыз жолмен алынған бағалы металдар өңделген.

Үйден сұйықтығы бар үш пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, құрамында алтын бар 116 келі кен (2 қап) тәркіленді. Күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды, - деп жазылған хабарламада.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі («Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мемлекетке келтірілген залал сомасы анықталып жатыр. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама