×

СҚО-да қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды

Олар түнде көлікте қонуға мәжбүр болған

 Дәурен Ерболат 24.02.2023 | 15:28
Фото: mpotalica.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қар құрсауында қалған балықшыларды құтқарды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тайынша ауданында 24-44 жастағы екі тұрғын өңірдегі ең ірі су қоймаларының бірі – Шағалалытеңіз көліне балық аулауға барған. Кешке қарай боран соғып, салдарынан олардың ВАЗ-2110 көлігі қар құрсауында қалып қойған.

Балықшылар түні бойы қар құрсауынан шығуға әрекет жасаған, бірақ одан нәтиже шықпаған. Олар таңертең телефон арқылы көмек сұрады.

Аудандық полиция бөліміне дабыл түскенде учаскелік инспекторлар Ерлан Ибраев пен Талғат Бейсенбаев оқиға орнына барды. Олардың жанында аумақты жақсы білетін Чермошнянки ауылының 48 жастағы тұрғыны Николай Долиненко болды. Құтқарушы топ балықшыларды тапты, - деп жазылған хабарламада.

Полицийлер қызметтік «Нива» көлігімен балықшыларды жағаға шығарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама