Жаңа тетік халықтың пікірін ескеруге мүмкіндік береді
Қазақстан азаматтары Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсынысын енгізе алады. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Енді құжаттарды порталда көрсеткенде нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде іске асты. Осылайша, қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсынысын енгізе алады, - деді Талғал Уәли.
Оның айтуынша, бұған дейін «Ашық НҚА» порталында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған.
«Алайда бұл мәселе халықпен жеткіліксіз деңгейде талқыланғандығы туралы сын айтылды. Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізілді», - деді ресми өкіл.