×

Алматыда жаппай төбелеске қатысқан 11 адам ұсталды – ІІМ

Оқиға орнына полицейлер шұғыл жеткен

 Дәурен Ерболат 24.02.2023 | 13:30
Фото: media.az

Алматы полициясы жаппай төбелеске қатысқан 11 адамды ұстады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпанда кешкі сағат 23:00 шамасында Бостандық ауданында болған.

Оқиға орнына бірнеше патрульдік полиция экипажы шұғыл жетті. Нәтижесінде төбелеске қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама