Halyq Uni логотип
×

Болат Назарбаевтың көмекшісін шекарадан өткізген тұлға ұсталды

Күдікті кінәсін толық мойындап отыр

 Халық үні 24.02.2023 | 12:14
Болат Назарбаевтың көмекшісін шекарадан өткізген тұлға ұсталды
фото: Елдос Қоспаев, Болат Назарбаев

Жамбыл облысының прокуратурасы Елдос Қоспаев бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген тұлғаны ұстады.

Бұрын хабарланғанбай, ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевге Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жарияланған.

Іздеу жарияланған тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен.

2022 жылдың 10 қарашасында Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігімен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық істі тіркеген.

2022 жылдың 11 қарашасында Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған.

Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 06.08.2022 жылы Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі ұйымдасқан қылмыстық топ 11 адамнан құралғанын. оның 5-еуі ұсталғанын хабарлады. Ал 6 адамға, оның ішінде ұйымдастырушы Елдос Қоспаевқа іздеу жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама