Түркияның Kirpi сауытты машиналары Украинаға көмекке келе жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Қазір майданда осы модельдің 200-ге жуығы бар

фото: ашық дереккөз

Түркияның Kirpi атты бронды машиналарының үлкен колоннасы Украинаға қарай беттеп келе жатыр. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады.

Сауытты соғыс машиналары украин қорғаушыларына тапсыру үшін жеткізіледі.

Украина Қорғаныс күштері алда болатын кең ауқымды қарсы шабуылға белсене дайындалып жатыр. Осыған байланысты түрік өндірісі броневиктері үлкен колоннасының майдан даласына бара жатқаны байқалып қалды, – делінген хабарламада.

«Украина 365» тelegram-арнасында сол көрініс көрсетілді. Kirpi колоннасын украин жауынгерлері түсірген. Кадрға жүріп келе жатқан 10 машина түсіп қалған.

Анықтама: Kirpi – түрік кәсіпорны шығаратын бронетранспортер. Украина Қарулы күштерінің арсеналында қазір осы модельдің 200-ге жуық машинасы бар. Броневик артиллерия снарядтарынан қорғайтын броньмен қапталған.

Сондай-ақ Финляндия да Украинаға Leopard 2 танкісінің үшеуін жіберетін болып шешті.