Қазақстан да бар: Ердоған Түркияның 7 елдегі елшісін ауыстырды
Қазақстандағы жаңа елші болып Мустафа Капуджу тағайындалды
Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы елшісін ауыстырды. Тиісті құжатқа ел президенті Режеп Тайип Ердоған қол қойды, деп хабарлады «Анадолу» агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні Үкіметтің ресми басылымы – Resmi Gazete-де күні жарияланған. Ауыстырылғандар қатарында Қазақстаннан бөлек, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы елшілер де бар.
Бұл ретте Түркияның Қазақстандағы жаңа елшісі болып құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры қызметін атқарған Мустафа Капуджу тағайындалды. Ал бұрынғы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болды.
Daily Sabah басылымының хабарлауынша, қалған 6 елші елдің Сыртқы істер министрлігінің Анкарадағы штаб-пәтеріне ауыстырылған.