×

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек берілетіні белгілі болды

Марқұмдардың кәмелет жасқа толмаған балаларына ай сайын жәрдемақы төленеді

 Дәурен Ерболат 24.02.2023 | 10:21
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

БҚО-да тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына «Қазавиақұтқару» АҚ көмек көрсетеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазавиақұтқару» АҚ қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді. Ритуалды қызметтерге жұмсалатын барлық шығын «Қазавиақұтқару» есебінен жүргізіледі. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларындағы балалар кәмелет жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Барлық қажетті төлем ұжымдық келісімшартқа сәйкес төленеді. Бұл мәселелердің барлығы Төтенше жағдайлар министрінің жеке бақылауында, - деді Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған тікұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оқиға Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару» АҚ  Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама