Тікұшақ апатына қатысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесі өтті

Еркеғали Болатұлы

Апатқа ұшыраған тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған

фото: ашық дереккөз

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду Ми-8 тікұшағына қатысты әуе оқиғасына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді.

Кеңеске ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, аэронавигация, лицензиялау, авиациялық медицина, іздеу және құтқару департаменттерінің және ұшу қауіпсіздігі басқармасының өкілдері қатысты.

Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалды.

Айта кетсек, апатқа ұшыраған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2022 жылғы 3 мамырда берілген. Ал тікұшақ 2021 жылғы 27 қаңтарда шығарылған. ҚР Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде тіркелген (куәлік нөмірі: 1273, әуе кемесінің мемлекеттік және тіркеу тану белгісі: UP-MI874).

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ми-8 типті тікұшағын пайдаланатын әуе компаниялардың қызметіне жоспардан тыс инспекциялық тексерулер жүргізеді. Тексерулер нәтижелері бойынша жүйелі бұзушылықтар анықталған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелері шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктер тоқтатылады.

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі берген 2024 жылғы 1 қазанға дейінгі №KAZ-02/027 Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлігі бар. Әуе компаниясы 33 тікұшақты (Ми-8 – 9 дана; Ми-171 – 2 дана; Ка-32 – 2 дана; ЕО-145 – 16 дана; Н-145 – 2 дана; Н-130 – 2 дана) пайдаланады.