Қазақ боксшысының неліктен шаршы алаңға шықпағаны белгісіз
Болгарияның астанасында өтіп жатқан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирде боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлады Vesti.kz.
Ол 92 келіден аса салмақта турнирдің ширек финалында өзбекстандық Баходир Джалоловқа қарсы шаршы алаңға шықпады. Боксшының жекпе-жектен неліктен бас тартқаны белгісіз.
Осылайша Джалолов бірден жартылай финалға шықты.