Қазақ спортшысы төрешілер шешімімен ширек финалға шықты
Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бокстан Странджа кубогын үшін турнирде 57 келі салмақтағы Оразбек Асылкұлов сенсация жасады, деп хабарлады Vesti.kz.
Ол 1/8 финалда Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып шығып, бразилиялық Луис Оливейрамен қолғап түйістірді. Асылқұлов төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.
Оливейра осының алдындағы жекпе-жекте әлем чемпионы америкалық Джамал Харвиді жеңіп, сенсация жасаған болатын.