×

БҚО-дағы тікұшақ апаты: қаза тапқан 4 адамның кім екені белгілі болды

Қаза болған 4 адамның барлығы - экипаж мүшелері, ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкері.

 Халық үні 23.02.2023 | 21:13
Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысының аумағына апатты жағдайда қонған тікұшақта көз жұмған 4 адамның кімдер екені белгілі болды.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен. Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитеті қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады», –  деп хабарлады комитет.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бортта болған 6 адамның бесеуі - экипаж мүшелері, бірі - «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі. Қаза болған 4 адамның барлығы - экипаж мүшелері, ҚР ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы аумағында апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама