Павлодар облысында полицей қорадан өлі табылды
Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан
Павлодар облысында учаскелік полицей қорада асылып қалған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті қораның ішінен табылған.
Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан.
«Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.