×

Теннистен алғаш рет мүгедектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

Оған арбада отырған спортшылар қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2023 | 17:52
фото: ашық дереккөз

17-19 наурызда Алматы қаласында алғаш рет теннистен мүгедектер арасында Қазақстан кубогы үшін турнир өтеді.

Оған Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласынан 40-тан астам мүгедек арбасында отырған спортшы қатысады.

Турнир басталмас бұрын Алматыда 6-16 наурыз аралығында теннисшілердің шеберлігін арттыруға арналған оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Жарыстың қорытындысы бойынша биылғы маусым айында Италияда «Alghero Open» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады.

Қажетті ұпайды жинаған жағдайда паратеннисшілер 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) болатын Паразия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама