Halyq Uni логотип
×

Елордада сауда орталығынан 350 адам эвакуацияланды

Келушілердің не үшін қауіпсіз жерге көшірілгені белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 29.03.2022 | 16:45
Елордада сауда орталығынан 350 адам эвакуацияланды
фото: Halyq Uni

Астананың iрi сауда орталығына «жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама түсті.

Биылғы 29 наурызда сағат 13:39-да «102» арнасына түскен ақпаратқа сай, «Сарыарқа» СОО әкімшілігінiң жұмыс нөміріне белгiсiз ер адам қоңырау шалып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын айтқан. Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу шықты. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ. Ғимараттан 350 адам қауiпсiз жерге шығарылды, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы бап санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Қазір жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама