Украина боксшылары да әлем чемпионатына бойкот жариялады
Бұған дейін 9 елдің өкілдері жарысқа қатысудан бас тартқан еді
Украина бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионаттарына бойкот жариялады. Бұл туралы «Суспільне Спорт» басылымы хабарлады.
Украинаның боксшылары Ресей мен Беларусь елдерінің әлем чемпионатында өз тулары астында өнер көрсететініне наразылық білдіріп, жарысқа қатысудан бас тартты.
Біздің жауабымыз – қысқа әрі нұсқа. Біздің спортшылар Ресей мен Беларусь боксшыларының шаршы алаңға шығуына қарсы, – деді Украина бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко.
Бұған дейін АҚШ, Канада, Англия, Ирландия, Чехия, Швеция, Финляндия, Швейцария мен Нидерланд елдері әлем чемпионатына бойкот жариялаған еді.
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамырда Ташкентте, ал әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурыз аралығында Нью-Делиде болады.