×

Ақтөбе облысында қатарынан 11 көлік соқтығысқан (ВИДЕО)

Оқиға бораннан жолдың нашар көрінуі салдарынан болып отыр

 Еркеғали Болатұлы 23.02.2023 | 16:25
фото: видеодан скриншот

Бүгін Ақтөбе облысында бірнеше автокөлік соқтығысқан жол апаты болды.

ІІМ Telegram-арнасының мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолы бойында, нақты айтқанда, Маржанбұлақ аулының маңында 11 автокөлік соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға бораннан жолдың нашар көрінуі салдарынан болған. Зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама