Halyq Uni логотип
×

ҚТЖ-ның еншілес компаниясына қатысты тергеу басталды

Монополист бірдей келісімдерге әртүрлі шарттар қойғаны үшін айыпталып отыр

 Ербол Тұрымбет 29.03.2022 | 16:44
ҚТЖ-ның еншілес компаниясына қатысты тергеу басталды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ға қатысты тергеу шаралары басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттіктің мәлімдемесіне сәйкес, қазір «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ға қатысты монополициялық артықшылығын теріс пайдалану бойынша тергеу шаралары басталған. Монополист бірдей келісімдерге әртүрлі шарттар қойғаны үшін айыпталып отыр.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаровтың айтуынша, теміржол жүк тасымалы нарығындағы негізгі нарықтық үлеске (95%-дан астам) ҚТЖ еншілес компаниясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ие. 2004 жылдан бастап жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер бәсекелестік ортаға берілген, бірақ бұл нарықта бәсекелестік әлі дамымаған.

Теміржол бойынша жолаушылар тасымалын мемлекеттік қолдау саласында жеке тасымалдар үшін жағдайлар мемлекеттік компаниямен салыстырғанда тиімсіз: төлемнің қысқа мерзімді кезеңі (7 жыл), 30% мөлшерінде алдын ала төлем енгізу, сыйақы мөлшерлемесі 6% (субсидияланатын бөлігін шегергенде), ал инвестициялардың өтелімділігі - 20 жыл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама