Halyq Uni логотип
×

Биыл әскери қызметшілердің жалақысы өседі

Олардың еңбекақысы 30% артады 

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 13:47
Биыл әскери қызметшілердің жалақысы өседі
фото: Halyq Uni

2023 жылы бірқатар әскери қызметшінің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бүгінде әскери-әуе күштері ұшқыштарының жалақысы өсті. Жыл соңына дейін профессор-оқытушылар құрамының жалақысын азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін арттыру мәселесі шешіліп жатыр. Әскери дәрігерлердің еңбекақысын көтеру мәселесі қаралып, олардың жалақысын азаматтық сектордағы медицина қызметкерлері деңгейіне дейін арттыру ұсынысы қолдау тапты», - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң. 

Сондай-ақ вице-министр жыл соңына дейін әскери қызметшілердің жалақысы 30% артатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама