×

Жамбыл облысында дұрыс ақпарат бермеген шенеунікке айыппұл салынды

Әкімшілік айыппұл қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен төленген

 Ұлдана Жұбай 29.03.2022 | 16:24
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Ақпан айының ортасында Жамбыл облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің отырыстарының бірінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының нарық субъектілері арасында сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу мәселесі қаралды.

Осы ретте монополияға қарсы орган барлық растайтын құжаттарды және субъектілер арасында көлемдерді бөлу бойынша есептерді ұсыну туралы басқармаға сұрау хат жіберген. Алайда, басқармадағылар заңнамада белгіленген мерзімде департаментке сұратылған ақпаратты толық бермеген.

Осыған байланысты Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Әкімшілік айыппұл қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен төленді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 162-бабында көзделгендей, лауазымды адамдарға және нарық субъектілерінің назарына ақпаратты ұсынбау, анық емес, жалған немесе толық емес көлемде ұсыну әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама