Ерұлан Жамаубаев премьер-министр орынбасары – қаржы министрі болып тағайындалды.
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев премьер-министр орынбасары – қаржы министрі болып тағайындалсын. Ол қаржы министрі лауазымынан босатылсын, – дейді Ақорда.
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ
1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы, 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
- 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы;
- 1998-2006 жылдары – Ұлттық банк зерттеулер және статистика департаментінің жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
- 2006-2014 жылдары – Ұлттық банк үйлестіру департаментінің директоры;
- 2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ басқарушы директоры;
- 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
- 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында – Президент көмекшісі;
- 2019 жылғы наурыздан бастап - Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
- 2020 жылғы мамырдан бастап – Қаржы министрі.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдары, «Ұлттық Банктің еңбек сіңірген қызметкері» белгісі.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.