×

Биыл 101 әдеби шығарма жарыққа шығады

Оның ішінде бұрын еш жерде жарияланбаған 35 қолжазба бар

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2023 | 10:22
фото: ашық дереккөз

Биыл Мәдениет және спорт министрлігі 101 әдеби шығарманы басып шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде бұрын еш жерде жарияланбаған 35 қолжазба бар. Бұл туралы ведомствоның Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Баспа ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет айтты.

Сараптама комиссиясы әуелі әдеби шығармаларын басып шығарғысы келетін азаматтар мен мекемелердің өтінімдерін қарап шығады. Сосын шығарманың мазмұнына назар аударып, қорытынды жасайды. Егер шығарма сарапшының жақсы бағасын алса, ол комиссия шешімімен басып шығарылатын әдебиеттер тізіміне енгізіледі. Өтінімдер жыл сайын көркем әдебиет, балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиет, мәдениет және өнер туралы әдебиет, энциклопедиялық-анықтамалық әдебиет, ғылыми-көпшілік әдебиет, қоғамдық-саяси әдебиет, аударма әдебиеті, мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет түрлері бойынша қабылданады, – деді Алмаз Мырзахмет.

Былтыр 188 шығарма 506 мың данамен шығып, барлық өңірдегі мемлекеттік кітапханаларға таратылды. Оның ішінде «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы бойынша жарыққа шыққан кітаптар оқырманның лайықты бағасын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама