Тәжікстанда 7,3 балдық зілзала болды
Әзірше қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ
Бүгін Тәжікстанда 7,3 балдық жер сілкінісі болды.
Төтенше жағдайлар министлігі «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат таңғы 6:37-де Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл жер сілкінісін тіркеді. Әзірше қираған ғимараттар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңдіте орналасқан.