×

Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады?

Астанада күндіз жауын, қар жаууы мүмкін

 Халық үні 23.02.2023 | 07:35
фото: Halyq Uni

Бейсенбі, 23 ақпанда, Алматы мен Шымкентте ауа райе жылы, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ал Астанада синоптиктер дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды, күндіз оңтүстік астанада термометр көрсеткіштері +12...+14 градусқа дейін көтеріліп, түнде ауа температурасы +2...+4 градусты құрайды. Мегаполистегі желдің жылдамдығы 0-5 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте де ауа райы ашық болады, ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде мегаполисте 0...2 градус жылы болады деп күтілуде.

Сонымен қатар қала тұрғындарына 8-13 м/с-ке дейін, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін желдің күшеюі болады деген ескерту жасалды.

Астанада күндіз жауын, қар жаууы мүмкін, ал ауа температурасы 0...+2 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер түнге қарай күн ашылып, ауа температурасы -7...-9 градусқа дейін төмендейдейді деп болжап отыр.

Сондай-ақ боран, көктайғақ және 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жететін қатты жел салдарынан қалада дауылдық ескерту жарияланды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама